Ярослав мемлекеттік университетінің жанындағы «Диагностика және наножүйесі» орталығында жүргізілген алғашқы зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда, онда жер бетіндегі тастардан бөлек белгілер бар.
Орталық қызметкерінің айтуынша, тастың көлемі 30 сантиметр шамасында. Ол жұмыртқаға ұқсас және аздап балқыған.
Айта кетер жайт, Ярославл облысында жергілікті тұрғындардың мұндай олжаны табуы өте сирек кездеседі. Егер ғалымдар оның жерден тыс әлемге тән екендігін анықтар болса, иесі ғажайып тасты 1947 жылы Рыбинск су қоймасын тұрғызған кезде оның астында қалған Молога қаласының құрметіне Моложск метеориті деп атамаққа ниеттеніп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.