Салмағы 280 келі америкалық әйелді жеті өрт сөндіруші тасымалдады
11:16, 17 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Салмағы 280 келі болатын Сиэтл қаласының (Вашингтон штаты) тұрғынын жеті өрт сөндіруші тасымалдады. Әйелді тез арада ауруханаға апару керек болған, деп хабарлады бейсенбі күні The Sun.
55 жастағы Диана Банч (Diana Bunch) фастфуд өнімдеріне әуестігінен және физикалық қозғалыс жасамауынан екі адамдық төсекке сыймай қалды. Оның денесі күлбіреп, жара шығып, аяқ-қолдары ісіп кетті және оның асқазанын шунттау үшін медициналық көмек қажет болған.
Банчтың әпкесі бұл үшін фургонның артқы жағын жабдықтап науқасты Хьюстондағы ауруханаға екі күн тасыған. Олар қалаға келгенде, әйелді көліктен шығару үшін жеті өрт сөндірушіні шақыруға мәжбүр болған.