Салмағы 617 келі тартатын балық ауланды

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат  - Қытайдың солтүстік-батысындағы өзендердің бірінде балықшылар үлкен олжаға кенелді. Бұл туралы Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап, BNews.kz хабарлайды.

Олар құрған ауға салмағы 617 келі балық түскен. Қытайлықтардың сөзіне қарағанда, қайыққа әрең сыйған аналық балықтың ішінде 1 миллионнан астам уылдырық бар көрінеді.

Айта кетсек, «Калуга» балығы осыдан 130 миллион жыл бұрын пайда болып, бүгінде әлемдегі ең ірі және жоғалып кетуге шақ қалған балықтар санатына еніп отыр.