Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың ісі кассациялық сотта қаралады

АСТАНА. KAZINFORM — Кассациялық сот Салтанат Нүкенованың өлімі ісінде аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың ағасы Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымын қарайды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Фото: Жоғарғы сот

Кассациялық соттар департаментінің баспасөз қызметі Бақытжан Байжановтың кассациялық шағым түсіргенін растады. Іс қаралып жатыр.

Бұл ретте 2025 жылдың тамыз айында оған Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасалды.

Оның жаза мерзімі үштен бір бөлікке, яғни бас бостандығынан айырудың 1 жыл 4 ай 17 күнге қысқартылған.

Еске сала кетсек, бұрынғы Ұлттық экономика министрі, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыппен сотталған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов (ол да істі болды) 2025 жылдың шілде айында рақымшылыққа өтінім берді

Бұрынғы министрдің туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді