Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесті

Фото:
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді. Бұл туралы кандидаттың штабынан мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

С.Тұрсынбекова Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, бірнеше цифрларды атады.

2021 жылы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алимент төлемегені үшін 300-ден астам борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың жартысына бас бостандығын шектеу не айыруға қатысты нақты мерзімдер белгіленді. Ал 6 мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте қарыздың жалпы сомасы жүздеген миллиард теңгені құраса, сот орындаушыларының атқаруында жүздеген мың іс жатыр.

Бұған дейін Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарында, Астана, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесу өткізгенін хабарлаған едік.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.