Салтанат Тұрсынбекова Қарағанды қаласына барды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары бойынша өңірлерге сапарын Қарағанды қаласынан бастады.

Сапар барысында кандидат құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен және адам құқығын қорғау саласында жұмыс жасайтын түрлі үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті.

Еске салайық, 20 қарашада Қазақстан Республикасының президент сайлауы өтеді.