КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысындағы Кентау трансформатор зауытының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында кандидат еңбек адамдары, олардың қоғамдағы орны жөнінде әңгіме айтып, гендерлік мәселелерге де тоқталды.
Айта кетсек, зауыт - ТМД-дағы трансформаторлық жабдықтарды шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі.
Жетекші қазақстандық өндіруші экономиканың барлық салаларына, соның ішінде электр энергетикасы, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешені, тұрғын үй-коммуналдық секторға өнім жеткізеді.
Қазіргі таңда зауытта 1100-ге жуық адам еңбек етеді.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.