Салтанат Тұрсынбекова сайлау науқанының аралық қорытынды есебін берді

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Салтанат Тұрсынбекова өзін ел президенті лауазымына кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.Бұл туралы кандидаттың штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген 16 күнде алты өңірде болды: Астанада, Қарағанды облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді.

Штаб мәліметтеріне сәйкес, кандидат 6 өңірде 3000-нан аса тұрғынмен 15 кездесу өткізген.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.