Салвадор қаласының билігі футболдан әлем чемпионаты кезінде карнавал өткізуден бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Салвадор қаласының билігіне футболдан әлем чемпионатына арналған арнайы карнавалдан бас тартуға тур келді.

Бұл туралы қаланың ұйымдастыру комитеті мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Басында әлем чемпионатына арнайы орайластырылған карнавал Испания-Нидерланды және Германия-Португалия матчтары арасында 14-15 маусым күндері өтеді деп жоспарланған. Шараға Бразилияның поп сахнасының жұлдыздары қатысулары керек болатын. Ал карнавал қаланың 15 көшесін қамтуы тиіс еді. Ұйымдастырушылар осындай жолмен жанкүйерлерді жергілікті дәстүрмен таныстырғылары келген.

Алайда қаржының тапшылығынан канавалдан бас тартуға тура келді.