Ер адам Бостондағы супермаркеттен шамамен 10 долларға лотерея билетін сатып алған. Нәтижелер жарияланғаннан кейін ол ақшаны 20 жыл бойы бөліп алудың орнына біржолғы төлемді таңдаған. Соның нәтижесінде оған салықты шегергенге дейін 650 мың доллар аударылды.
Лотерея ұйымдастырушылары оның символдық чек ұстап тұрған суретін жариялағаннан кейін көші-қон органдары жеңімпаздың ізіне түскен. ICE оның ұсталғаны туралы әлеуметтік желілерде хабарлап, жазбаға «Сәттілік одан теріс айналған сияқты», деп пікір қалдырған.
Көші-қон қызметінің мәліметінше, Веласкес-Моралес 2013 жылы Мексикамен шекарадағы Рио-Гранде алқабы арқылы АҚШ-қа заңсыз кірген. 2014 жылы-ақ иммиграциялық судья оны елден шығару туралы қаулы қабылдағанымен, ер адам АҚШ-та қалып қойған.
Айта кетейік, Массачусетс лотереясына қатысу үшін америкалық азаматтық та, заңды көші-қон мәртебесі де талап етілмейді. Сондықтан ер адам өз ұтысын сақтап қалуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ-тың Флорида штатында белгісіз азамат Mega Millions лотереясынан 800 миллион доллар көлеміндегі джекпотты жеңіп алғанын жазған едік.