Салық берешегі барларға автоматты ескерту жүйесі қолданылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы «белсенді» салық төлеушілердің 10 пайызы салық төлеу шарттарын бұзған. Мемлекеттік кіріс органдары оларға автоматты ескерту хабарламаларын жіберу тәжірибесін енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттіккірістер комитетінің бақылау департаментінің директоры Ержан Тоқтарханов айтыпберді.

«2017 жылдан бастап Баспрокуратура және «Атамекен» ҰКП-мен жоспарлы түрде бизнеске жүктеменітөмендету, соның ішінде тексерістерді азайту бойынша бірлескен жұмыстаржүргізіп келеді. Қазір салықтықәкімшілендіруде тексерістерден камералдық бақылау жүргізу тәсіліне біртіндепкөшіп жатырмыз. Камералдық бақылау арқылы анықтаған бұзушылықтарды салықтөлеушіге дербес жою құқығын беруге болады. Тәуекел дәрежесі жоғарыбұзушылықтар бойынша хабарлама жіберіледі. Ал тәуекел дәрежесі аздаубұзушылықтар бойынша камералдық бақылау хабарландыру жіберіледі. Бұзушылықсомасы елеусіз салық төлеушілерге хабарламалар және хабарландырулар мүлдежіберілмейді», - деді Е.Тоқтарханов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері«белсенді» салық төлеушілердің оннан біріне ғана хабарлама жіберілген.

«2019 жылдың 1 жарты жылдығыбойынша жіберілген хабарламалардың нәтижелік көрсеткіші 60% құрады. Бұл санөсіп келеді. 2019 жылдың ішіндекамералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілермен өз бетінше қосымшадекларациялар тапсырылды. 94,9 млрд. теңге көлемінде салықтар есептеліп, 81,5млрд.теңге өндірілді.

Камералдық бақылау адал салықтөлеушілерге кедергі болып саналмайды, керісінше жіберілген бұзушылықтар туралыназар аударып, салық төлеушілер өз қателіктерін айыппұлсыз түзете алуынакөмектеседі», - дейді комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар