Салық декларациясын тапсыру мерзімін қалай ұзартуға болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша, тәуекел дәрежесі төмен кәсіпкерлер салық есебін тапсыру мерзімін ұзарта алады. Мемлекеттік кірістер комитеті осы мүмкіндікті кім және қалай пайдалана алатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салық есептілігін электрондытүрде тапсырған жағдайда салық төлеушіге салық есептілігін табыс етумерзімін ұзартуға мүмкіндік беріледі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердіңаумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жанама салықтар бойынша салықтықесептілікті ұсыну мерзімін ұзартуға болмайды.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту үшін салықтөлеуші тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына хабарламажібереді.

Мұндай хабарламаны «Азаматтарға арналғанүкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы да жіберуге болады.

Хабарламаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысандасалық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін жіберуге болады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін мынадай мерзімдерге:

- КТС немесе ЖТС декларациялары бойынша отыз күнтізбелік күнге дейін;

- салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтіктөлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты күнтізбелік он бескүнге дейін;

- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейітөмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің,әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны отызкүнтізбелік күнге дейін ұзартуға болады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту корпоративтіктабыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебіне қолданылмайды.

Ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді жәнеәлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімінөзгертпейтінін ескеру қажет.

Арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкердіқоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейібар салық төлеушіге салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайды.

Салық органдары салық төлеушілер ұсынған салықесептілігінің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергіліктіатқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салықтөлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерге талдауды жүзегеасыратынын еске саламыз.

Осындай талдаудың нәтижелері негізінде 2019 жылғы 1қаңтарынан бастап барлық салық төлеушілерді санаттау олардың қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесежоғары санатына жатқызу және салықтық әкімшілендіруді саралау шараларын қолдануарқылы жүзеге асырылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша салықтөлеушінің қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғандығы туралы ақпарат жылына екірет анықталатын болады және салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жіберіледі.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап санаттарға бөлунәтижелері Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында электрондықсервистер / бизнеске көмек / санаттарға бөлу нәтижелері бойынша салықтөлеушінің тәуекел дәрежесі жарияланатынболады.

БСН/ЖСН бойынша сұрау салу арқылы өз қызметі бойынша да,өз контрагентінің қызметі бойынша да тәуекел дәрежесін білуге болады.

Санаттауды міндетті өзектендіру мерзімділігі – жартыжылда бір рет.

Қолданыстағы заңнама шеңберінде санаттарға бөлу нәтижелерісалықтық әкімшілендірудің мынадай салаларында қолданылады:

- ЖК жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылғантәртіппен тоқтату,

- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою,

- салық есептілігін табыс етуді ұзарту, тоқтата тұру,

- берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу.

Соңғы жаңалықтар