Осылайша, бюджетке қосымша 361 млн. теңге төленді, деп хабарлады Алматы қаласы бойынша салық департаментінің баспасөз қызметінен.
Салық заңнамаларына сәйкес, шетелдік компаниялардың Қазақстан Республикасында алған табыстарына, олардың түрлеріне қарай 5 пайыздан 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша табыс салығы салынатындығы белгілі.
Алайда, егер шетелдік компаниялардың қосарлы салық салудан сақтану туралы Халықаралық келісімі бар болса, олардың табысы салық салудан босатылады.
Өйткені, Қазақстан Республикасы әлемнің 46 елімен «Қосарлы салық салудан сақтану және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруды болдырмау туралы» Келісім жасасқан.
Ал сол салықтық келісімшарттардың ережелерін қолдану үшін, шетелдік компаниялар, табыс төлейтін қазақстандық заңды тұлғаларға, шет елдердің салық қызметтері берген әрі резиденттігін растайтын құжаттар ұсынады.
Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, кейбір отандық заңды тұлғалар салықтық келісімшарттардың ережелерін, салық заңнамалары мен халықаралық келісімдердің талаптарына сай келмейтін құжаттардың негізінде қолданады.
Салық заңнамасына сәйкес, халықаралық келісімшарттардың ережелері заңсыз қолданылса, соның салдарынан бюджетке салық толық көлемінде төленбесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.