Бұл бүгін Алматыда тәуекелді басқару жүйесі бойынша тексеру жүргізу тәртібін реформалау туралы дөңгелек үстел жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Салық комитеті бір жылдың ішінде салық төлеушілердің тек 7-8 пайызын ғана тексере алады. Жоспарлы тексеру кезінде олардың бәрін түгел қамту мүмкін емес. "Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚР Заңына енгізілген түзетулер бойынша тәуекелді басқару критерийлері мен мемлекеттік органдардың тексеру парақшалары мақұлдау туралы министрліктер арасында бірлескен бұйрық дайындалмақ. Денсаулық сақтау және экономика министрліктерінің бұйрығы бойынша мақұлданатын 44 нормативтік актінің қазіргі таңда бірде-бірі қабылданған жоқ. Тек екеуі процедуралық тұрғыда дайын. Тағы 20-сы операциялық тұрғыда әзірленіп жатыр", дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің жетекшісі Рүстем Ақбердин. Ал кәсіпкерлердің Алматы қауымдастығының президенті Виктор Ямбаевтың айтуынша, құқықтық нормативтік база әлі реттелген жоқ. Бақылау- қадағалау органдарының жұмысын бағалау критерийлері өзгерген жоқ. Қазір олардың жұмысы кемшіліктерді анықтау мен айыппұлдардың көлемімен ғана бағалануда.