Құжаттамалық салық тексерісінің актісіне сәйкес кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 млрд теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған. Салықтардың қосымша есептелуіне жалған шот-фактуралар жазып берген кәсіпорындармен келісімдер негіз болды.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кәсіпорын басшысына 3 жылға коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.