Салық және кеден түсімдерінің 20 пайызы елордаға тиесілі - Марат Сұлтанғазиев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел бюджетіне кіретін салық және кедендік түсімдерінің 20 пайызын Нұр-Сұлтан қаласы беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттіккірістер департаментінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев жыл сайын елорданың салықжәне кедендік түсімдері артып келе жатқанын айтады.

«Нұр-Сұлтан қаласының салық түсімдері 526 млрд теңгеге теңелді. Ал кедендіктүсімдер көлемі 80 млрд теңгеден астам. Бұл елдегі салық түсімінің 20 пайызы. Бұл тұрғыда елордаға кіретін түсімдердің жылсайын көбейіп келе жатқанын айтуымыз керек», - деді Марат Сұлтанғазиев.

ҚР Президентіжанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Комитеттөрағасы Қытай мен Өзбекстан шекараларындағы 10 өткізу пункті жаңаланатынын даайтты.

Соңғы жаңалықтар