Салыққа салғырт өңірлердің үштігі белгілі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласы салық қарызы бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінеқарасты аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсембиев Алматы қаласындаелдегі бүкіл салық қарызының 13,5 пайызы шоғырланғанын айтады. Салыққа салғыртөңірлер үштігін Шымкент қаласы 13,4 пайызбен, Қарағанды облысы 13,8 пайызбентүйіндеп тұр.

«Салыққарызының негізгі бөлігі таратылған бизнес нысандары мен банкрот жариялағанкәсіпорындардың, бүгінгі таңда жұмыс істемейтін тұлғалардың мойнында. Олардыңсаны – 18 489. Берешек мөлшері – 136,1млрд теңге. Бұл жалпы салық қарызының 65 пайызына тең», - дейді ЖандосДүйсембиев.

Оның айтуынақарағанда, салық төлеушілердің өтеген сомасы қалыптасқан салық қарызының 3,6пайызын ғана құрайды.

«Барлықберешектердің 44,4 пайызы, яғни, 93,4 млрд теңге қосымша құн салығынан туындаған. Берешектің ең көп бөлігі құрылыссаласында қалыптасып отыр. Қалған 60 пайыз берешек көтерме және бөлшек саудаға, қызмет көрсету және мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі», - дейдікомитет өкілі.

Соңғы жаңалықтар