«Биыл жаңа Салық кодексі дайындалады. Ол салық заңнамасын жеңілдетіп, өндіріс көлемі мен инвестицияларды ұлғайтуға, инновацияларды енгізуге, жұмыспен қамтуға ынталандыруы тиіс. Салықтық әкімшілендіру толығымен тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделуі керек. Бұл мәселеде мемлекеттік органдар «Атамекен» палатасымен және сарапшылармен бірге тығыз өзара іс-қимыл жасауы қажет», - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр тағы бір маңызды міндет – жаңа Бюджет кодексін әзірлеу екендіне тоқталды.
«Біз биыл қаржылық тәртіпті күшейтіп, бюджет жүйесінің ашықтығын кеңейтуге тиіспіз. Сонымен қатар, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру керек. Бюджеттеу тәсілдерін жетілдіру аясында орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының жедел әрі дербес әрекет етуін қамтамасыз ету қажет», - деді Премьер-Министр.