Салықтық әкімшілеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар пакеті әзірленуде

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі салықтық әкімшілеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар пакетін дайындап жатыр.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев айтты.

Бұл тұрғыда министр қазіргі кезде Дүниежүзілік банкпен бірлесе бес жылдық мерзімге есептелген салықтық әкімшілеуді реформалаудың жобасы жүзеге асырылып жатқандығын айтып өтті. Онда осы бағытта ары қарай атқарылатын ауқымды кешенді шаралар қарастырылған көрінеді.