Өткен жылы тамызында облыстық ІІД Тергеу басқармасымен Мақтарал ауданындағы жетекші банк филиалының қызметкерлері А.Укибаев, Т. Сауранбаев, С. Алтенов, Б. Калибаева және Ш. Айтореевалардың үстінен ҚР ҚК-нің 189 «бөтен мүлiктi иемденiп алу» және 385 «жалған құжат жасау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған болатын.
Полицейлер 5 банк қызметкерінің кінәсін толық дәлелдеп шықты. Олардың барлығы да алдын-ала сөз байласып, қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асырып отырған. Үш жыл көлемінде банк клиенттерінің қолтаңбасын жалған жасап, ақшаларын иемденіп отырған. Нәтижесінде олар салымшыларға 120 000 000 теңге көлемінде шығын келтірген.
2018 жылдың басында облыстық ІІД тергеушілері көптомдық қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолданды.
Түркістан облысы Мақтарал аудандық соты қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты үкімін шығарды, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені үшін Укибаев Ажибек пен Сауранбаев Талғат 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, Алтенов Сакен, Калибаева Бактыгүл және Айтөреева Айшолпанға шартты түрде жазалар тағайындалды.