Салымшыларға кепілдік берілетін теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сома 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сома 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бұл туралы ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің бірлескен Мәлімдемесінде айтылды.

«Теңгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасы капиталдандыруды ұлғайта отырып, 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады»,- деп жазылған Мәлімдемеде.