Салынып жатқан ғимараттың 18-ші қабатынан жұмысшы әйел құлады

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Елорданың сол жағалауында салынып жатқан «Қазақстан темір жолы» компаниясының ғимаратында қайғылы оқиға орын алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Кеше, мамырдың 21-і күні түс мезгілінде 18-ші қабаттан 9-шы қабатқа құлап, «Ғасыр» ЖШС-ның жұмысшысы, сылақшы-сырлаушы әйел қаза тапты.