Салынып жатқан «Изумрудный квартал» нысанында қалыптауыш бетоншының үстіне құлады

ТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - 14 қыркүйекте 02 сағат 20 минутта елордалық «Есіл» ауданында салынып жатқан «Изумрудный квартал» нысанында («Б» блогы) төтенше оқиға болды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, бетон құю жөніндегі құрылыс жұмыстары кезінде 6 метр биіктіктен қалыптауыш «СК Базис» ЖШС-ның 1990 жылы туған бетоншының үстіне құлап, ол ауруханаға жеткізілді.