Үйінді астында 40-қа жуық адам қалуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат ішінде 75 жұмысшы болған. Қазір оқиға орнында 350 әскери, өрт сөндіруші, дәрігер мен полицейлер жұмыс істеуде. Құтқарушылар 21 адамды қиранды астынан алып шықты. Шенеуніктердің айтуынша, үйдің құлауына қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталмауы себеп болған. Бұл елде мұндай апаттар жиі болады. Өткен жылдың қыркүйегінде Мумбайда бес қабатты үй опырылып, 60 адамның өмірі қиылды. Мұнда сәуірде ғимарат қирап, 70 тұрғын құрбан болған.