Салынып жатқан метродағы апаттың салдары жойылуда - «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ы

АЛМАТЫ.   Қыркүйектің 29-ы.  ҚазАқпарат /Жәзира  Жаңабаева/ -    Алматыда салынып жатқан  метрополитеннің    «М.Әуезов атындағы  драмалық театр» стансысында дүйсенбі күні  орын  алған  апатқа    күрделі кен-геологиялық  жағдай  мен    бұрынғы  Поганка  өзенінің  алабындағы  жердің    батпақтығы   себеп  болған,

деп  хабарлады  «Алматыметроқұрылыс»  акционерлік  қоғамының баспасөз   қызметінен. 

Ортаңғы   станциялық   тоннельді   ұңғылау  кезінде    оныншы    экран -   тоннельден өту кезінде    пайдаланылатын      құбыр қорғаныс қабаты   отырған.   Құрбан болғандар мен  зардап шеккендер жоқ.   Төбенің  опырылуы  салдарынан   ауданы 600 текшеметрлік   күмбез  пайда  болды.    Ол жерге     уақытша бекіту  аркалары  орнатылды.     Апаттың  себебін   тексеру  және   келген шығынды анықтау  жөніндегі арнайы комиссия  құрылды.  Оқиға  орнында   апаттың салдарын жою жұмыстары    жүргізіліп   жатыр.