Самалай Ерғалиева Эр-Риядтағы жарыста Қазақстан қоржынын қоламен толықтырды
03:12, 09 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдошы Самалай Ерғалиева қола медаль жеңіп алды.
Отандасымыз әйелдер арасындағы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
- Қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде Самалай Иран спортшысы Самира Кхакахты айқын басымдықпен жеңіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады, - делінген Спорт комитетінің ақпаратында.
Айта кетейік, Ержан Еренқайыпов Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды.