Самара маңындағы апат. Зардап шеккен жеті адамның жағдайы қалай

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір жол апатынан зардап шеккендер медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында жатыр, деп хабарлады ТЖМ.

Фото: ТЖМ

Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары Ресейдегі ЖКО зардап шеккен отандастарының жағдайын білді.

— Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің басшылығы ведомствоның психологтарымен бірлесіп Ресей Федерациясынан жеткізілген пациенттерге барды. Зардап шеккендердің көңіл-күйі тұрақты, қанағаттанарлық деңгейде. Пациенттер медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Ресейдің «Самара — Большая Черниговка» тас жолында жол апаты болған. Апат кезінде жеті қазақстандық зардап шекті. Кеше зардап шеккендер Ресейден Орал ауруханасына жеткізілді. 

Кейіннен жол апатынан екі қазақстандық қаза болғаны хабарланды.