ТҮРКІСТАН. KAZINFORM-Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Төрткүл және Спатаев елді мекеніндегі жол төсемесінде пайда болған ақауларды жою жұмыстары басталды.
Бүгінде жол жөндеу жұмыстарына 10 адам, 5 техника жұмылдырылған. Жалпы ұзындығы 5 шақырым болатын жол төсемесінде пайда болған ақаулар толығымен ретке келтіріледі.
«Күн райы жылы болып тұрса бірінші сәуірге дейін жол жөндеу жұмыстарын толық аяқтаймыз. «Самара-Шымкент» республикалық автожолы еліміздегі ең ұзын жолдардың қатарына жатады. Тасжол еліміздің бірнеше өңірінен өтеді. Автотрассаның жалпы ұзындығы - 2010 шақырым»-делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.