"Самара-Шымкент" күрежолында Қызылорда облысы тұсында бағыттық автобус жанып кетті- 60 жолаушы құтқарылды

АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін түн ортасында Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Самара-Шымкент автожолының 360-шы шақырымында «Шымкент-Байқоңыр» бағдарындағы «VANHOLL» рейстік автобус өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Өрт себептері анықталу үстінде. Автобустағы барлық 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген ведомство ақпаратында.

Автобус толық жанып кетті. Тілсіз жау 2 сағат өткеннен кейін ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 4 маман мен 1 техниканың күшімен ауыздықталды.