«21 ақпан күні сағат 10:30 шамасында Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылынан 3 шақырым қашықтықта, Самара-Шымкент тасжолының 241-шақырымында Toyota Alphard автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 57 жастағы жүргізу тізгіндеген Hyundai Santa Fe автокөлігіне соқтығысқан.
Екі жүргізуші мен қалған жолаушылар түрлі дене жарақаттармен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.Фото: t.me/POLICE_of_KZ