Самарада алты жасар баланы өлтіруге күдікті жасөспірім ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Самарада алты жасар баланы өлтіруге күдікті 14 жастағы жасөспірім ұсатлды, ал баланың денесі сенбі күні гараждар аумағынан табылған болатын, деп хабарлады Интерфакс Ресей Тергеу қызметінің Самара облысы бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, зомбылықпен өлтірілген баланың денесі (басында және жүрек тұсында жарақаттары бар) сенбі күні сағат 20:30-да табылған болатын. Күдікті онымен бірнеше күн бұрын танысқан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, гараждың қасында өліп жатқан баланың денесін көрген жүргінші полицияға хабарлаған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.