Самарада жалған дипломды 15 шенеунік анықталды

None
МӘСКЕУ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - «Самараның аудандық билік органдарының шенеуніктері жұмысқа тұратын кезде жоғары білім туралы жалған дипломдарды жиі көрсететін болып шықты»,
деп хабарлады журналистерге Ресейдің Самара облыстық прокуратурасының Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнаманың қолданысын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы Азамат Мәмбетов. Әзірге прокуратура қызметкерлері жалған дипломмен жұмысқа тұрған 15 шенеунікті анықтап отыр. Олардың қатарында: сәулет департаментінің шенеуніктері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, денсаулық сақтау және тұтынушылық нарық департаменттерінің мамандары, тіпті олардың арасында Красноглинский аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары да бар. Самара прокуратурасы мэриядан жалған дипломды шенеуніктермен еңбек келісім-шарттарын бұзуды талап етіп отыр. Қылмыстық кодекс бойынша, қасақана жалған құжаттарды пайдаланған шенеуніктерді 80 мың рубль айыппұл немесе жарты жылға қамау күтіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап.