Рәсім самарқандтық мемлекет басшысының резиденциясында өтеді. Залға мемлекет басшылары, шетел делегациясы, республика жұртшылығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.
Қаралы жиынды Жерлеуді ұйымдастыру мемлекеттік комиссиясының төрағасы, Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев ашты.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қаралы рәсімге қатысуда.
Өзбекстан билігі кеше Каримовтың қайтыс болғанын ресми жариялаған болатын. Хабарлама ұлттық телеарна эфирінде оқылды. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.