Самарқандта «Реал Мадрид» клубының футбол академиясы ашылады

САМАРҚАНД. ӨзА-ҚазАқпарат - Самарқандтағы «Invest in Samarkand» атты халықаралық инвестициялық форум аясында Самарқандта Испанияның «Реал Мадрид» клубы футбол академиясын ашу жөнінде келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.

Бұл келісім, әйгілі Корольдік клубының Орталық Азия мен Африка аймағының арнайы өкілі Аренильяс Иниго Чавес пен Самарқанд облыс әкімі Еркинжон Турдимовтің қолдауымен болып, алдағы уақытта футбол академиясын ашу жайлы меморандумға қол қойылған. Кездесу барысында ашылуы жоспарланған футбол академиясының жалпы жобасы жайлы және Корольдік клубпен ынтымақтастықты кеңейту жөнінде түрлі ұсыныстар айтылды.