Қазақстандық джиу джитсу федерациясының мәліметінше, 56 келі салмақта қарсыласын қапы қалдырған Самат Сәрсенұлы алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы болған.
Сондай-ақ бүгін ақмолалық Бекзат Баймұратов ересектер арасында әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Ол 77 келі салмақ дәрежесінде файтинг бөлімінде өнер көрсеткен.
Айта кетейік, бүгін - әлем чемпионатының алтыншы күні. Қазақстан құрамасы әзірге бірінші орында тұр.
Бүгін ерлер арасында -56, -77, 94 келі салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жек өтті.
Ал кеше жарыстың бесінші күні қазақстандық Руслан Исраилов - алтын, Нұржан Батырбеков пен Дархан Нортаев - қола медальге қол жеткізген болатын.