Кеше Самат Смақов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болды, онда клубтың қарыздары ағымдағы бюджеттен тыс жабылатыны хабарланды.
Айта кетейік, Самат Смақовты облыс әкімі бірінші басшы ретінде шақырған болатын. Жақын арада аталмыш клубпен келісімді Ұлықбек Асанбаев жасамақ. Ол спорт директоры ретінде шақырылып отыр. Қазіргі таңда ол Түркияда және құраманың жасақталуына өз үлесін қосуды жөн санап отыр.
С.Смақов екінші оқу-жаттығу жиынына қатысады, онда ойыншылармен келісім жасалады.