«Менің ойымша, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу жіті сараланған, аса қажетті шара. Халықаралық қайшылықтардың артып, экономикада дағдарыстық құбылыстар дендеп тұрған уақытта сайлау өткізу елдің ішкі жағдайын тұрақтандыруға және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға өз септігін тигізеді», - дейді С. Смақов.
Оның айтуынша, барша қазақстандықтар қазіргі еліміздің экономикалық және саяси аренадағы жетістіктерін, Қазақстан халқының әл-ауқатының артуын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланыстырады. «Осы тұрғыдан алғанда, сайлау еліміздегі бірлікті нығайта түседі әрі мен бұл шараның экономикалық дағдарыспен күресте серпін беретін жаңа екпін нүктесі деп білемін», - деді С. Смақов.