АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық маман Самат Смақов «Жетісу» командасындағы жаттықтырушы қызметінен кетті. Бұл жөнінде талдықорғандық команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Самат Смақов 1978 жылы дүниеге келген. 1997-2017 жылдары қазақстандық, ресейлік және түркиялық клубтарда ойнады.
2018 жылдан бері бапкерлікпен айналысады. Өткен жылдан бері талдықорғандық «Жетісу» клубының бапкері болып келеді.
Биыл талдықорғандық команда ел біріншілігінде 21 ұпаймен он екінші орынды місе тұтты. Соған қарамастан Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Сондай-ақ ол 2023 жылы бірінші лигада Семейдің «Елімай» клубының бас бапкері атанып, команданың Премьер-лигаға оралуына ықпал етті.
Айта кетсек, биыл Самат Смақов Қазақстан Премьер-лигасының V турындағы «Ордабасы» мен «Жетісу» кездесуінде бас төрешіге тіл тигізіп, әдепсіз сөздер айтқан. Осыған байланысты ол төрт ойыннан шеттетілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.