Самбо Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Азияның Олимпиадалық кеңесі самбоны Азия ойындарына енгізу туралы шешім қабылдады.

Енді бұл шешімді Бас ассамблеяның отырысында ратификациялау қажет, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Бәріміз де самбоның Азияда, әсіресе, оның орталық бөлігінде кеңінен танымал екендігін жақсы білеміз. Осыған байланысты, Азия самбо одағы мойындалып, спорттың бұл түрін Азия ойындарының бағдарламасына енгізуді қолдаймын», - дейді Азия Олимпиада одағының президенті Ахмад әл-Фахад әл-Сабах.

Одақ басшысының сөзіне қарағанда, бұл Азия Олимпиада одағының, Азия самбо одағының және осы саладағы Халықаралық федерацияның арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы алғашқы қадам болмақ.