Самбо: жастар арасында ел біріншілігінің жеңімпаздары анықталды
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жігіттерден салмақ дәрежелеріне қарай Салих Шәріп (52 кг, Ақтөбе), Бауыржан Сағынғалиұлы (64 кг, Маңғыстау), Руслан Жарқынбаев (74 кг, ШҚО), Нұрымжан Ғаббасов (90 кг, БҚО), Юсиф Курбани (100 кг, ОҚО), Ақжігіт Оралов (100 кг жоғары, Қарағанды) жеңімпаз атанды. Қыздар арасында Алина Сатыбалды (48 кг, Алматы қаласы), Маржан Бизақ (56 кг, ОҚО), Анель Сүлейменова (64 кг, Атырау), Эльмира Самиғоллаева (72 кг, Атырау), Саида Қапсалиқова (80 кг жоғары, Атырау) топ жарды. Батыс Қазақстаннан сондай-ақ Арман Ерғалиев (90 кг), Құралай Қабырайқызы (56 кг), Айзан Отарбай (64 кг), Гауһар Сағадат (72 кг) күміс, Қазбек Самиғоллиев (52 кг) қола жүлдені иеленді.
Еске сала кетейік, біріншілік жеңімпаздары дүниежүзілік жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.