Самбодан Азия біріншілігінде қазақтар 9 алтын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте самбо күресінен Азия чемпионатының үшінші күні өтті. Қазақстан құрамасы әдеттегідей жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінгі күннің нәтижесі 9 алтын, 2 күміс және 10 қола, деп хабарлайды dodasport.kz .

Қыздар: Шұғыла Сыздықова (40 кг) - күміс, Анастассия Ковтун (52 кг) - қола, Мөлдір Нарынова (65 кг) - қола, Мөлдір Айтқұлова ( 75 кг) - қола, Жадыра Әміртаева (52 кг) - алтын, Ақбота Арғынғазина (64 кг) - алтын, Құлымшат Еркін (80 кг) - алтын.

Ұлдар:  Асқар Есбосынов (48 кг) - алтын, Шыңғыс Шандарәлі (60 кг) - алтын, Тілек Тоқтасынұлы (75 кг) - қола, Бейбарыс Абдуғани ( 87 кг) - алтын, Р. Жұмабай (57 кг) - алтын, Тоқтарбек Айдарбек (74 кг) - күміс, Қайсар Шамшиденов (100 кг) - қола.

Әйелдер:  Айдана Сұлтанбекова (56 кг) - қола, Мархабат Қуатбекова (68 кг) - қола, Руза Духтурбаева ( 80 кг) - алтын.

Ерлер:  Айдос Ахметов (62 кг) - қола, Ерасыл Қажыбаев ( 100 кг) - алтын.

Әскери самбо:  Нұркен Домбаев (52 кг) - қола, Қуаныш Аязбаев (90 кг) - қола.