Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын алды

Фото: Фото: Sambo.qazaqstan/instagram

АСТАНА. KAZINFORM — Ташкент қаласында спорттық самбодан кадеттер арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік өнер көрсетті. 

Ұлдар арасында Шоқан Уәлихан (46 кг), Дінмұхаммед Лесбеков (49 кг), Бекжан Тұрсынбеков (58 кг), Нұрсұлтан Әбдіразақов (71 кг) алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ Асқар Әділбеков (53 кг), Арқар Бақытжан (64 кг), Аян Иманқұл (88 кг) және Ермұрат Нұрахметов күміске қол жеткізді.

Қыздардан Бақнұр Әбдешова (41 кг), Зере Талғатқызы (44 кг), Қаншайым Тұрдыбай (54 кг), Аружан Дауымбаева (65 кг) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Оған қоса Айсұлу Алшынбай (47 кг), Шариз Бұралқинова (59 кг) күміс, Жанел Сарқытбек (50 кг), Гүлсезім Жанәбіл (72 кг), Арайлым Таңғатарқызы (+72 кг) қола медальға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте қазақстандық кадеттер бірінші орынды жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын самбодан Азия чемпионатында қазақстандық қазақстандық жастардың 27 медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.