Самбодан Азия чемпионатында қазақстандық жастар 27 медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Ташкент қаласында самбодан жастар арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды.
Қазақстан самбо федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жастар барлығы 27 медальға (5 алтын, 10 күміс, 12 қола) қол жеткізді.
Спорттық самбодан Нұржан Тумырзаев (58 кг) пен Данияр Қалмағамбетов (64 кг) алтыннан алқа тақса, Махамбет Қоныспай (71 кг), Ықылас Мұрат (79 кг), Алмас Темірбай (98 кг), Мейрамбек Алдаберген (+98 кг) қола жүлдеге ие болды.
Жауынгерлік самбодан Абылайхан Алшымбек (98 кг) пен Дінмұханбет (+98 кг) чемпион атанса, Мәулен Ержанұлы (79 кг) күміс, Асқар Қалыбек (58 кг), Нұрасыл Қылышбаев (64 кг), Бекзат Сағатай (71 кг), Санат Жаманқұл (88 кг) үздік үштікке ілікті.
Қыздар арасында спорттық самбодан Жұлдызай Бисен (64 кг), Ұлбосын Әділова (80 кг), Зейнеп Тұрсынбек (+80 кг) екінші, Мария Шемуратова (50 кг), Арай Төлеубай (59 кг), Іңкәр Жоламан (65 кг), Әдина Абақова (72 кг) үшінші орынға көтерілді.
Жауынгерлік самбодан Гүлмайра Сағиданова (50 кг) өз салмағында топ жарды. Ал Арайлым Әлімова (54 кг), Әлемгүл Жарлан (59 кг), Наргиз Қапсамет (65 кг), Гүлнұр Абай (72 кг), Анеля Зейнешова (80 кг) және Диана Сейтхан (+80 кг) күмісті қанағат тұтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын самбодан Азия чемпионатында қазақстандық 5 жасөспірім балуан чемпион атанғанын жазған болатынбыз.