АСТАНА. KAZINFORM – Париж қаласында франциялық әйгілі жаттықтырушы Давид Херанның құрметіне арналған халықаралық самбо турнирі мәресіне жетті.
Қазақстан самбо федерациясынан мәлім еткеніндей, беделді жарыста отандастарымыз керемет нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Қазақстандық самбошылар 3 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Нұрбол Серіков, Қонысбай Махамбет, Арайлым Әбенова жеңіс тұғырынан көрінсе, Нұржан Жұмажан күміс жүлдеге ие болды.
Батысқазақстандық балуан Нұрбол Серіков 2018 жылы 68 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионы атанғанын айта кетейік.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық самбошының әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).