ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ішкі істер департаменті жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Ерболат Байбатыров биылғы қараша айында Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ерболат жуырда Талдықорған қаласында ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатында 57 келі салмақта үздік шығып, жолдаманы жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздары Моңғолияда өтетін Азия, Жапониядағы әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғайды.
Еске сала кетейік, Е.Байбатыров - самбодан төрт дүркін әлем чемпионы және әлем кубогінің иегері.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).