Саммит қарсаңында автомобиль көлігіндегі көліктік бақылау шаралары күшейтіледі - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ Саммитіне қарсаңында ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Rөліктік бақылау комитеті автокөлік құралдарымен жолаушылар мен жүк тасымалында, оның ішінде таксомотор құралдарымен тасымалдауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Астана және Қарағанды қалалары аумақтарында бақылау жүргізуді күшейтті, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

2010 жылғы 15 қарашада Fстанаға Павлодар, Қостанай, Шығыс Казақстан және Ақтөбе облыстарынан қосымша мобильді бақылау топтары (жылжымалы бекеттері) тартылды.

30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Астана, Қарағанды, Щучинск қалаларының авто- және темір жол вокзалдарында, сонымен қатар Астана және Қарағанды қалаларының әуежайларында ҚР көліктік бақылау органдарының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.