Олар Астана қалалық Жол полициясы басқармасының қызметкерлеріне елордадағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына көмектесетін болады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрігінің Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Қабылжан Майтыбаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Жол полициясы комитеті қазіргі таңда ресми делегацияның қандай жолмен қалай жылжитындығы жөнінде арнайы жоспар жасауда. «Сонымен қатар қаланың сол жағалауындағы қозғалыстар да қалыпқа келтірілуде. Осы уақытта сырттан келетін көліктерге арналған қаланы айналып өтетін жолдар да белгіленіп қойды. Бұл туралы ақпараттар 10 қарашаға таман тағы бір пысықталып, қоғамның назарына ұсынылады. Сонымен қатар 29 қарашадан бастап елге республиканың басқа аймақтарынан келетін көліктер таңғы сағат 10-00-ден кешкі 18-00-ге дейін кіретін болады. Бірақ бұл мәселе бойынша әлі пысықтауды қажет ететін жәйттер көп. Жалпы алғанда сырттан келетін көліктерге ешқандай шектеу қойылмайды», деді комитет төрағасының орынбасары.