«Ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірнеше басым бағыт бойынша өз пікірімді ортаға салғым келеді. Ең алдымен, бұл – сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту. Соңғы жылдары біздің аймақтың ынтымақтастық кеңесі елдерімен сауда-саттығы қарқынды дами бастады. Мұны ерекше атап өткен жөн. Бірақ көрсеткіштер біздің әлеуетіміздің толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тұрғыда Президент тауар айналымын айтарлықтай арттыру үшін аталған елдерде барлық мүмкіндік бар екенін айтты.
«Ол үшін өзара сауда номенклатурасын ұлғайту қажет. Мысалы, Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын», - деді Мемлекет басшысы.