Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды.
Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.
Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00–ден 20:00–ге дейін, активтер мен қоңырау қабылдау 8:00–ден 16:00–ге дейін жұмыс істейді.
Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асады.