Бұл туралы «Есік» шарап зауыты АҚ-ның жетекші маркетологы Эдгар Оганесян зауытта ұйымдастырылған баспасөз-тур барысында мәлім етті.
«Біздің зауыт Мәскеуде өтіп жатқан Индустриялық көрмедегі қазақстандық жалғыз кәсіпорын болып отыр. Жақында Астанада болатын ЕҚЫҰ Саммитіне орай ҚР Президенті Әкімшілігінен біздің өнімдерімізге тапсырыс түсті. Сонымен бірге, алдағы Азиада ойындарының қонақтары үшін де тапсырыс алуды жоспарлап отырмыз», -деді Э. Оганесян.
1932 жылы құрылған «Есік» шарап зауытында жалпы саны 150 адам қызмет етеді. Зауыт 2007 жылы итальяндық Azienda Agricola «MARCATO» шарап кәсіпорнының өкілі Энрико Маркатомен бірлесе толықтай жаңа құрылғылармен жұмыс істеуге көшті. Бүгінде жүзімнің «Пино-фран», «Саперави», «Рислинг», «Ркацители», «Мускат» сорттарын шығаратын зауыт еліміздегі ең сапалы шарап шығарушылар қатарына кіреді.
13:27, 23 Қараша 2010
Саммит қонақтарына «Есік» шарап зауыты өз өнімдерін ұсынады
АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті кезінде «Есік» шарап зауытының өнімдері ұсынылады.